Қазақстанда 5 жаңа кәсіби мереке пайда болды
Жарияланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер тізімін жариялады. Тиісті өзгертулерден кейін, құжат ресми жария болды.
Енді Қазақстанда қолөнершілердің, кәсіпкерлердің СЭС мамандарының және тағы да басқа сала иелерінің кәсіби мерекесі пайда болады:
- 7 шілде– Қазақстан қолөнершілер күні
- 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні
- 15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні –
- 20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан;
- 29 қазан –Қазақстан кәсіпкерлері күні
Сондай-ақ Энергетика күнін мерекелеу күні желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға ауыстырылды.