Қазақстанда коммуналдық тарифтер тағы 20-30%-ға қымбаттайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
2026 жылдан бастап коммуналдық тарифтің құны тағы өседі / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда 2026 жылы коммуналдық тариф тағы 20-30 %-ға қымбаттайды. Бұл жайында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты.

Комитет басшысы тарифтердің өсу себебі энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асатынын айтады.

Шенеуніктің айтуынша, тарифтердің өсуі біртіндеп жүзеге асады Жүктеменің бір бөлігін мемлекет өз мойнына алуды жоспарлап отыр.

«Яғни, алынған қарыз қаражаты тарифке енгізіледі, бұл негізгі қарыз сомасы мен сыйақы мөлшерлемесі. Алайда тарифке түсетін қысымды азайту үшін республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді. Атап айтқанда, сыйақының 10%-ы тарифке енгізілсе, одан асатын бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша, тарифтің күрт өсуін болдырмаймыз», – деді спикер.

Оның айтуынша, келесі жылға тарифтердің 20–30% шегінде өсуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ ол жыл сайынғы өсім де осы шамада болатынын растады.

Еске салсақ Алматы жылу желілері жылу энергиясы үшін миллиардтаған қарызды төлемеген тұрғындардан сот арқылы өндіріп алады. Осы үдеріс аясында мүлікке және банктік шоттар мен шетелге шығуға тыйым салынады. Сонымен қатар қарызды толық өтемейінше, оларға ыстық су беру тоқтатылады.

Сондай-ақ оқыңыз