Пәтерді жөндеу кезінде ақшаны қалай үнемдеуге болады: қарапайым кеңестер

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстанда пәтер жөндеу кезінде үнемдеудің 6 тиімді әдісі / Фото: kursiv.media архиві

Жылы ауа райы пәтер ішін жаңалап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы уақыт. Алайда оның шығыны көбіне сіз жоспарлаған бюджеттен асып түсіп, қымбатқа шығып жатады.  «Подешевле» телеграм-арнасының  мамандары жөндеу жұмыстарын сапалы әрі сәнді етіп жасаудың  үнемді жолдарын көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Жөндеудің  арзан нұсқалары

1. Қабырғаны тегістеудің орнына бояуға арналған тұсқағаз

Егер қабырғаңыз мінсіз болмаса, арнайы сылақ жағып, тегістеуге шығындалудың қажеті жоқ. Оның орнына бояуға арналған тұсқағаз жабыстырыңыз, артынша үстінен бояу жағасыз. Осылайша  қабырғаның тегіс емес тұстары байқалмай кетеді. Бұл әдісті қолдансаңыз қабырғаңыз сырт көзге теп-тегіс болып көрінеді.  Ең бастысы бұл жұмыс көп уақытыңызды алмайды.

 2. Ас үйдің корпусы қарапайым, ал фасады сапалы

Ас үй жиһазының ішкі корпусы қарапайым материалдан жасалса да болады – ол көзге түспейді. Ал есік (фасад) бөліктерін әдемі әрі сапалысынан таңдаған дұрыс. Осылайша, жалпы шығынның 40%-ына дейін үнемдеуге болады. Кейбір адамдар тек есіктерін ғана ауыстырып жатады,  бұл ескі асүйін жаңартқандай әсер қалдырады.

 3. Артық қалған материалдарды қайтаруға болады

Егер бояу, плитка немесе ламинат секілді материалдар артылып қалса, оларды бірден тастауға асықпаңыз. Қаптамасы ашылмаған және түбіртегі сақталған болса, дүкен оларды кері қабылдайды. Әдетте қайтару мерзімі – 14 күн.

 4. Қарапайым ламинант төсеу

«Шырша» тәрізді өрнектер көп материалды қажет етеді. Мысалы, ламинатты солай төсеу үшін 30% артық алу керек. Ал егер қабырға бойымен тура төселсе, 7–10% ғана қосымша материал жеткілікті болады – артық қалдық та болмайды.

5. Қымбат әрлеудің орнына – молдингтер

Декоративті панельдер өте қымбат. Оған балама – гипс немесе пластик молдингтер. Бағасы арзан, жапсыру оңай, ал интерьерде сәнді көрінеді. Әсіресе, контрасты қабырғада қолданса, әсерлі болады.

6. Бренд үшін артық төлемеңіз

Танымал брендтерден гөрі арзанырақ материалдар да сапалы болуы мүмкін. Бұл жөндеу кезінде үйден көшпейтіндер үшін өте ыңғайлы.

Кеңес 

Егер тұрмыстық техниканы жеңілдікпен тапсаңыз, бірақ жөндеу әлі бітпесе – қазір сатып алып, жеткізуді кейінге шегеруге болады. Ірі дүкендерде тегін сақтау қызметі бар. Бұл – ыңғайлы әрі тиімді шешім.

Сондай-ақ оқыңыз