Жаңалықтар

Елде Audi, Porsche және басқа премиум көліктердің сатылымы 1,5 есеге өсті

Porsche Cayenne, Cadillac Escalade, Infiniti QX80, Zeekr
Сұранысқа ие модельдердің қатарына Audi, Porsche, Cadillac, Infiniti және Lexus кіреді / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Orbis Auto тобының премиум санатындағы автокөліктерінің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артып, 760 бірлікті құрады. Компанияның мәліметінше, бұл көрсеткіш Қазақстандағы жаңа премиум көліктер нарығының 29%-ын қамтамасыз етті.

Сатылым өсімін негізінен Audi, Porsche, Cadillac, Infiniti және Lexus маркалары қамтамасыз етті. Мәселен, Audi сатылымы екі есеге жуық өсіп, 212 көлікке жеткен. Porsche алғашқы жартыжылдықты 205 сатылған көлікпен (+42%) аяқтады. Infiniti — 137, Cadillac — 136, Lexus — 73 көлік сатты.

Премиум сегментінде ең көп сұранысқа ие  кроссоверлер

Porsche ішінде Cayenne (109 дана), Audi ішінде Q5 (110) алда. Cadillac сатылымының 87%-ы Escalade үлесіне тиіп отыр (119 дана). Сондай-ақ Infiniti QX80 үлгісінің 97 данасы сатылған. Электромобильдер ішінде ZEEKR 001 – 111 дана, ZEEKR X – 100 дана сатылған.

2025 жылдың басынан бері Orbis Auto компаниясы 11 003 жаңа автокөлік сатқан. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық. 

Сатылым көлемінің басым бөлігін Geely маркасы қамтамасыз етті — 6 айда 4,2 мың көлік сатылған (бұл Geely көліктерінің Қазақстандағы жалпы сатылымының 80%-ын құрайды). 

Сондай-ақ сатылым бойынша көш бастап тұрғандар: 

  • Hyundai – 2 581 көлік 
  • Toyota – 1 519 
  • EXEED – 793 
  • Kaiyi – 563 
  • Haval – 277 
  • ZEEKR – 203 көлік.

Orbis Auto компаниясының жалпы жаңа көлік сатылымы 2025 жылдың басынан бері 11 003 бірлікті құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Ең көп үлесті Geely маркасы иеленіп отыр — 4,2 мың көлік (бұл марканың ҚР-дағы сатылымының 80%-ы). Сондай-ақ көшбасшылар қатарында: 

– Hyundai – 2 581 көлік 

– Toyota – 1 519 

– EXEED – 793

– Kaiyi – 563 

– Haval – 277 

– ZEEKR – 203 көлік

Айта кетейік Қазақстан Cadillac Escalade ең көп сатылатын 10 елдің қатарына кірді.