Арман Әбдірәсілов енді қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істейді
Жарияланды

Арман Әбдірәсілов қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы өкімімен Арман Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің кхуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Әбдірәсілов 2020 жылы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.