
Арман Әбдірәсілов қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы өкімімен Арман Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің кхуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Әбдірәсілов 2020 жылы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.