Елімізде хабар-ошарсыз кеткен 600 адам табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәденов 7 айда атқарылған жұмысқа есеп берді/фото: polisia.kz

Елімізде 7 айда қылмыс саны 9 мыңға азайған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов президент қабылдауында болған кезде айтты.

Сәденовтің сөзінше, елде адам өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылық және тағы басқа негізгі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады.

«Ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды. Полиция өндірісіндегі барлық қылмыстық іс бойынша азаматтардың 28 миллиард теңгеден астам шығыны өтелді», – деді Сәденов.

Қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарына да тоқталған министр 7 айда 956 адам ұсталғанын айтқан. 24 адам шетелден Қазақстанға экстрадицияланды. Хабар-ошарсыз кеткен 600 адамның, соның ішінде 125 кәмелетке толмағанның жүрген жері анықталды.

«Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл аясында 6 call-орталық жойылды, 67 миллион жалған қоңырау мен 3 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды. Алаяқтардың 2,8 миллиард теңгені шығаруына жол берілмеді», – деген министр.

11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне тосқауыл қойылып, 19,5 мың есірткі сайты бұғатталған.

Тоқаев министрге еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыз