Жаңалықтар

Ташкент маңында жер сілкінді

Ташкент маңында жер сілкінді/фото: shutterstock

Ташкент маңында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ республикалық сейсмоболжам мониторингі орталығы хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, дүмпу 8 тамызда таңғы сағат 08:58-де тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі сезілген аймақтар:

  • Андижан облысы: 3 балл.
  • Ферғана облысы: 2–3 балл.
  • Наманган облысы: 2 балл.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жер сілкінді