Жаңалықтар

«Қатты жауын мен бұршақ»: демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Қатты жауын мен бұршақ": демалыс күндері ауа райы қандай болады
«Қатты жауын мен бұршақ»: демалыс күндері ауа райы қандай болады/Фото: shutterstock

«Қазгидромет» алдағы үш аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, кей жерге бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Ал Батыс Қазақстанда ауа температурасы төмендейді. Түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус болады деп күтіліп отыр. Қалған аумақта ауа температурасы біртіндеп көтерілмек.