Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің макеті көрсетілді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің макеті көрсетілді
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің макеті көрсетілді/Фото: KursivMedia

Санаулы сағаттардан кейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында елдегі алғашқы АЭС құрылысы басталады.

Осыған орай Үлкен ауылында салтанатты рәсім ұйымдастырылып, ресми тұлғалар құрылысты іске қосатын арнайы түймені басады деп күтіліп отыр.

Ресми шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Ресейлік Росатом компаниясының бас директоры Алексей Личачев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев келген.

Іс-шара аясында АЭС-тің макеті, құрылыс жұмыстарын бастауға әзірлік барысы көрсетілді.

Елдегі алғашқы АЭС-ті ресейлік «Росатом» салады. Ресей АЭС құрылысына қажет қаржыны қарызға береді. Қазақстан бұл жоба бойынша экспорттық қаржыландыру тартуда ешқандай қиындық болмайтынына сенімді. Вице-премьер Роман Скляр бұл жобаның жеке үкіметаралық келісім аясында жүзеге асатынын айтқан.

Ал екінші АЭС құрылысын қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC`) компаниясы жүргізеді. Екінші АЭС-тің қайда салынатыны күзге дейін анықталмақ.

Жуырда Роман Скляр үшінші АЭС-ті де Қытай салатынын мәлімдеді. Оны да екінші АЭС-тің құрылысына жауапты China National Nuclear Corporation (CNNC`) компаниясы салуы мүмкін. Склярдың айтуынша, қазіргі таңда АЭС салуға қолайлы аумақ қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз