Lifestyle

ADAM. NARTAUEKEL: «Өнер қырандары» мультфильм шығарды

ADAM NARTAUEKEL: Өнер қырандары мультфильм шығарды
ADAM NARTAUEKEL: Өнер қырандары мультфильм шығарды / фото: instagram

Қазақстандық көрермендерді жаңа әрі ерекше туынды күтіп тұр. ASTANA FILM студиясы мен «Өнер қырандары» театры бірлесіп дайындаған алғашқы коммерциялық толықметражды анимациялық фильм – ADAM.NARTAUEKEL 20 тамызынан бастап кинотеатрларда көрсетіледі.

Мультфильмнің басты кейіпкері – Тоқтар есімді жас бала әкесін табу үшін ғарышқа сапар шегеді. Бұл жолда ол ата-анасынан айырылған өзге ғаламшарлық балалармен танысып, қатыгез билеуші Тумға қарсы күрес басталады.

Алайда бар мәселе – Тум Тоқтардың әкесінің жадысын өшіріп, оны өзінің оң қолына айналдырып қойған. Енді Тоқтар әкесінің жүрегіндегі адамдықты оята ала ма, әлде әкесі зұлымдықтың шырмауында мәңгіге қалып қоя ма – бұл сұраққа жауапты көрермен кинодан таба алады.

YouTube video player

«Өнер қырандары» бұған дейін «Молда» атты көркем фильм түсіріп, жақсы табысқа қол жеткізген еді. Енді ұжым анимация жанрына алғаш рет қадам басып, ұлттық сипаттағы, құндылықтар мен ерлікке толы оқиға ұсынбақ.