
10 тамыз күні Алматыда әлемге әйгілі поп жанрындағы әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осыған байланысты қаланың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы сағат 16:00-ден бастап уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Жабылатын жол учаскелері:
- Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
- Сәтпаев көшесі — Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
- Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Қала ауқымды дайындық жүргізіп жатыр
Концерт Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шараға полиция, әскери қызметкерлер, жеке күзет пен еріктілерден құралған 3 мыңға жуық адам жұмылдырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы 50 автобус ұйымдастырылады. Сондай-ақ LED-экрандар мен бағыттаушы белгілер орнатылып, концертке келушілер үшін навигация қамтамасыз етіледі.