Қазақ тіліндегі AlemLLM жасанды интеллекті шықты

Жарияланды 8 Тамыз 2025 11:46

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақ тіліндегі AlеmLLM жасанды интеллекті шықты / фото: ЖИ, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанда қазақ тіліндегі ең ауқымды жасанды интеллект моделі – AlemLLM ресми түрде шықты. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Тілдік модель – адам тілін түсініп, сұраныстарға жауап беруге және мағыналы мәтіндер құрастыруға үйретілген арнайы бағдарлама. Мысалы, бүгінде кеңінен қолданылатын ChatGPT – GPT-4o секілді тілдік модельге негізделген сервистің бір түрі.

AlemLLM кімдерге қолжетімді?

Жаңа модель стартаптар, университеттер, жеке компаниялар және халықаралық платформалар үшін қолжетімді. Оны түрлі өнімдер жасауға немесе қолданыстағы жүйелерге интеграция жасауға пайдалануға болады.

«Біз бүкіл нарыққа нақты құрал бергіміз келеді – білім мен ғылымнан бастап бизнес пен цифрлық платформаларға дейін», – деп жазды министр Мадиев.

Оның айтуынша, AlemLLM қазақ тілінде жасалған балама модельдермен салыстырғанда үздік нәтижелер көрсеткен. Бұл модель арқылы қазақ тілінде жаңа өнімдер мен сервистер жасау, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, құқық салаларына жасанды интеллектіні енгізу айтарлықтай жеделдейді.

Министр Мадиевтің айтуынша, AlemLLM – болашақта қазақ тілін:

  • дауыстық көмекшілерде,
  • чат-боттарда,
  • автоматты аударма жүйелерінде,
  • іздеу жүйелерінде пайдалануға мүмкіндік беретін іргелі қадам.

«Бұл – қазақ тілі болашақ технологиялар кеңістігінде өз орнын алуы үшін жасалған маңызды бастама», – деп түйіндеді министр.

AlemLLM моделіне Hugging Face платформасы арқылы қол жеткізуге болады:

Еске сала кетейік, бұған дейін ChatGPT-дің жаңа бесінші нұсқасы шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз