АҚШ Мадуроны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 50 млн доллар сыйақы жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ Венесуэла президентін соттамақ / фото: BBC

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроға қатысты ақпарат үшін берілетін сыйақы мөлшерін 25 млн-нан 50 млн долларға дейін арттырды. Бұл туралы АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди мәлімдеді.

«Әділет министрлігі мен Мемлекеттік департамент Мадуроның тұтқындалуына әкелетін кез келген ақпарат үшін 50 млн доллар көлемінде сыйақы жариялайды. Мадуро әлемдегі ең ірі есірткі саудагерлерінің бірі және біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп отыр», – деді Бонди.

Венесуэла АҚШ-тың мәлімдемесін саяси шабуыл деп атады

Венесуэланың Сыртқы істер министрі Иван Хиль Пинто бұл қадамды «саяси үгіт-насихаттың бір түрі» деп атап, АҚШ жариялаған сыйақыны «тұрпайы әрі мәнсіз әрекет» деп бағалады.

«Біздің отанымыздың абыройы сатылмайды. Біз бұл өрескел саяси үгітті мүлде қабылдамаймыз», – деп жазды министр Telegram парақшасында.

AFP агенттігінің мәліметінше, бұған дейінгі сыйақы көлемі 25 млн доллар 2025 жылдың қаңтар айында белгіленген еді.

Сондай-ақ оқыңыз