Ұлытау облысында 5%-дық ипотека іске қосылды. Кімдер қатыса алады

Жарияланды 8 Тамыз 2025 17:39

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Сәтпаев қаласында жұмысшыларға арналған 5%-дық ипотека іске қосылды / Фото: kursiv.media архиві

Ұлытау облысында жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотекаға өтінім қабылданып жатыр. Бағдарлама Сәтбаев қаласында тұратын жұмысшы мамандарға арналған.

«Сәтбаев жұмыскер» ипотекасы дәнекерлеуші, механик, құрылысшы және өзге де жұмысшы мамандарға арналған.

«Сәтбаев жұмыскер» бағдарламасының шарттары: 

  • Бастапқы жарна — 10%-дан басталады
  • Мөлшерлеме — 5% 
  • Қарыздың ең жоғары сомасы — 20 млн теңгеге дейін

Бағдарламаға кімдер қатыса алады 

  • өңдеу өнеркәсібі және машина жасау; 
  • электрмен, жылумен, сумен және газбен жабдықтау; 
  • сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды өңдеу; 
  • кондоминиум нысандарын басқару және оларды күтіп ұстау; 
  • құрылыс саласы; 
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы; 
  • жеңіл өнеркәсіп; 
  • тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру; 
  • көлік және қойма шаруашылығы.

Қандай талап қойылады 

  • Сәтбаев қаласында тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуы 
  • ай сайынғы табыс 200 АЕК-тен аспауы керек 
  • соңғы 5 жыл ішінде өтінім беруші мен жұбайының меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс 

Өтінімдерді қабылдап, қатысушылар тізімін жасау жергілікті әкімдіктің құзыретінде. Жеңілдетілген несиелерге жергілікті әкімдік 200 млн теңге бөлсе, Отбасы банк қосымша 50 млн теңге қаржы қарастырған.

Еске салсақ, осыған дейін пәтерді жылдам сатудың 7 түрлі жолы жайлы және ипотека алмас бұрын нені білу керектігі жайлы жазған едік.  

Сондай-ақ оқыңыз