
Танымал түрік актері Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесіп, сол үшін 200 мың доллар алды.
Қазақ дәстүріне қатысып, әртістің осыншалықты ақы алғаны туралы ақпарат түріктің БАҚ беттерінде қызу талқылануда. Бұл оқиға Қазақстанда наурыз меркесінде болған, алайда түрік басылымдары оның алған ақысына қатысты ақпаратты енді ғана жарысып жазып жатыр.
Түріктің әлеуметтік желілерінде жазылған пікірлер де сан түрлі. Бірі бұл дәстүрдің әдемілігіне және танымал адамның қатысуына сүйсінсе, енді бірі тұсаукесер дәстүрін жасағаны үшін осыншама ақша төлеу ысырап деп жазып жатыр.
Алайда актердің өзі әзірге желіде тараған суреттер мен оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, 200 мың доллар – шамамен 108 млн теңгені құрайды.
Еске салсақ осыған дейін нумеролог Алина Короленко әйелдерді Бурак Өзчивит секілді жігіттерге қызықпауға шақырды. Алина Короленко талай әйелдердің жүрегін жаулаған танымал түрік актерін «табанының бүрі жоқ» деп атады.