Алматыда такси жүргізуші қызға жолаушы эскорт болуды ұсынған

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жүргізуші қыз жолаушыдан күтпеген ұсыныс алған / Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жолаушы әйел такси жүргізуші қызға эскорт қызметіне жұмыс істеуді ұсынған. Бұл оқиға туралы жүргізуші TikTok-тағы парақшасында баяндап берді.

Yandex Go қызметінде «Премьер» тарифімен жұмыс істейтін такси жүргізуші қыз Талғардан жолаушы алып бара жатқанда күтпеген ұсыныс естіген.

«Жолда ол маған: «Білесің бе, менің саған жаным ашып кетті. Таксиде не жоғалттың? Сенде эскортта жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Кел, мен сені жұмысқа орналастырайын. Менде Али деген таныс бар, соған қоңырау шаламын. Бәрін шешеміз, сенде көп ақша табуға мүмкіндік бар», – деп айтты», – дейді жүргізуші.

Такси жүргізушісі  мұндай ұсынысқа қалай жауап беру керегін білмеген. Айтуынша, оған бұған дейін де әлеуметтік желіде жекесіне эскорт болуға ұсыныс тастап жазғандар болған.

«Әрине, бұл ұсыныс мені есеңгіретіп тастады. Түрлі ой келді. Бірден көліктен шығарып жібергім келді. Не ұрысып тастасам ба деп ойладым. Не болмаса, сыбағасын беріп, сосын жолдан түсіріп тастасам деп те ойладым. Бірақ білесіз бе, басында ол мені аяғандай болды. Ал соңында мен оны аяп кеттім. Себебі, мен оны алып кеткенде өзі бір шаршаған, жүдеу, қажыған сияқты көрінді. Үйіне апара жатырмын деп ойлағанмын. Бірақ ол тыным таппайды екен. Мен оны үйіне емес, басқа клиентке апарған екенмін, себебі мекенжай басқа қонақүй болып шықты», – дейді такси жүргізушісі.

@mikaomarr

Эскорт в такси😒 врекомендации таксисткиеисториичек яндекстакси рек такси byd хочуврекомендации

♬ оригинальный звук – Mika💋

Такси жүргізушісі  әдетте эскорт қыздар «Премьер» тарифін таңдап, не саунаға, не қонақүйлерге баратынын айтады.

Еске салсақ жуырда америкалық құқық қорғаушы әрі журналист Хоуп Лоудонды Шымкентке жеткізіп, «интимдік жерін ұстаған» такси жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Оған «ұсақ бұзақылық жасады» және «жол жүру ережесін бұзды» деген айып тағылды.

Сондай-ақ оқыңыз