«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Болашақ стипендиаттары анықталды/коллаж kursiv.media

«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды. Тізімді мына жерден көруге болады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Cтипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз