
Freedom Holding Corp. компаниясы 2026 фискалдық жылғы І тоқсанның қаржылық нәтижелерін жариялады. Компания үшін ол 2025 жылдың 30 маусымында аяқталды.
Негізгі көрсеткіштерге келсек, есепті кезеңдегі түсім 533,4 млн АҚШ долларын құрады, оның бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 78,4 млн АҚШ долларына (17%) өскен. Бұл бағалы қағаздар арқылы жасалған операциялар бойынша таза пайданың ұлғаюы есебінен өсті.
Түсімге зейнетақы аннуитеті және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарттар санының ұлғаюына байланысты қайта сақтандыруды шегергенде тапқан сақтандыру сыйлықақылары көлемінің өсуі де әсер етті. Сондай-ақ басқа еншілес компаниялардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өсуі оң әсер берген.
«Freedom Holding Corp. компаниясының таза пайдасы 30,4 млн АҚШ долларын құрады. Холдинг акциясының пайдасы 0,51 АҚШ долларын құрады. Холдингтің активтері 9,9 млрд доллардан 9,7 млрд долларға азайды (-2%). Міндеттемелер 8,5 млрд долларды (-3%) құрады», – деп хабарлады компания.
2026 фискалдық жылғы І тоқсанда демеушілікке жұмсалған шығыс 6,5 млн АҚШ долларына ұлғайды. Оған Топтың еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылған бірнеше жарна кірді. Есепті кезеңде неғұрлым айтарлықтай демеушілік салым Қазақстанның QJ League жасөспірімдер футбол лигасына жұмсалды.
Есепті кезеңде клиенттер қоры әрі қарай өсті: брокерлік шоттар 725 мың (+43 мың), сақтандыру компанияларының клиенттері 1,4 млн (+226 мың), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар 3,0 млн (+412 мың).
2025 жылдың 26 маусымында S&P Global Ratings халықаралық агенттігі холдингтің негізгі еншілес компаниялары: «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC, Freedom Finance Europe Ltd және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивті» болжамға қайта қарады. Осылайша тәуекелді басқару және комплаенс жүйесін нығайту аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В+/В» деңгейіндегі рейтингтерді растады.
Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ пен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB»-тен «kzBBB+»-ке дейін көтерілді. Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде тұр.
Сондай-ақ, Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының 2025 жылғы 27 маусымда америкалық нарық жабылғаннан кейін күшіне енген жыл сайынғы қайта теңгерімдеу шеңберінде Russell 3000 индексіне қосылуы маңызды оқиға болды. Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын құрайтын 3,019 ең ірі америкалық компаниялардың серпінін қадағалайды.
Айта кетейік, бұған дейін First Trust Financial AlphaDEX (FXO) америкалық қаржы қоры Freedom Holding Corp (FRHC) холдингінің қарапайым акцияларын өз индексіне қосты.