Жамбыл облысында «екі баланы құлдықта ұстаған» күдікті қамалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Екі жасөспірімді ұрып-соққан азамат қамалды/коллаж kursiv.media

Жамбыл облысы Талас ауданында құлдықта болған екі жасөспірімнің ісі бойынша күдікті қамауға алдынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады.

«Талас ауданында екі кәмелетке толмаған балаға қатысты жүйелі ұрып-соғу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелуі ішкі істер министрі Ержан Саденовтің жеке бақылауына алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазды ол.

Айтуынша, балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін «Письма президенту» Telegram каналында видео жарияланды. Ол жерде екі баланың бірі көмек сұраған.

«5 жыл тұрдым ба…5 жыл бойы көрген қорлығым. (…) Телефонымды алып қойды. Мал бағып жүрміз. Әр өткен көліктен сағат сұраймыз. Көретін қорлығымыз осы ғой. Бұлай қорлық көрмеп едім. Жатсам да тұрсам да бір нәрсені ойлаймын: туған әкемнің қолына барсам деп. Үйдегі мамам сөйлегісі келеді, бірақ өзі қорқады. Көмектесіп жіберіңіздерші. Бір күні екеуміздің біріміз өлмесек… көмектесіп жібермесеңіздер», – дейді жасөспірім видеода.

Жамбыл облысының полициясы балалардың Тараз қаласындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жеткізілгенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз