Тоқаев Сингапур президентін тәуелсіздіктің 60 жылдығымен құттықтады
Жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, деді Тоқаев.