600 мың теңгелік торт дауы: тапсырыс беруші кондитерді сотқа бермек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
600 мың теңгелік торт
600 мың теңгелік торт дауы / коллаж: kursiv.media

Әлеуметтік желіде 600 мың теңгелік торт қызу талқыға түсті. Белгілі құрақ көрпе тігуші, кәсіпкер Аселлина Батыр әлеуметтік желіде өзінің іс-шарасына тапсырыс берген торт төңірегінде туындаған дауға қатысты мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, торттың бағасы тапсырыс берерде де, тапсыру кезінде де айтылмаған. Аселлина ханым алдын ала сұрағанда орындаушы тек «Кейін жазамын» деп жауап берген. Бұл әңгімені оның командасы мен тортты қабылдаған куәгерлер де естіген.

«Орындаушы кеткеннен кейін ғана соңғы сома жіберілді. Біз ешқашан ол бағаға келіскен емеспіз. Бұл – алдын ала келісімсіз келген сома. Мен алдын ала 100 мың теңге төлем жасадым, бірақ толық баға ары кетсе 300 мың болар деп күтіп отырғанмын. Бұл – әдейі жаңылыстыру, тіпті қорқытып алуға ұқсайды», – деді Аселлина Батыр.

Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жаппай қызу талқылау басталған. Кейбір адамдар оның жақындарына қатысты да ауыр сөздер айтып, намысына тиген.

Аселлина Батыр бұл жағдайдың енді тек тұрмыстық немесе бизнес даудан шығып, ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабына сәйкес келетінін атап өтті:

  • 194-бап – Қорқытып алу
  • 130-бап – Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы

Сонымен қатар, ол ҚР Азаматтық кодексінің 374-бабына сілтеме жасап, баға алдын ала келіспей, шарттық міндеттемелердің бұзылғанын айтты.

Қазір Аселлина ханымның адвокаты тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Бұл істі сот арқылы соңына дейін жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Тортты дайындаған кондитер не дейді?

Ал тортты дайындаған кондитер Ақбергенова Нұршаттың айтуынша, торт қонақтарға да, тапсырыс берушіге де ұнаған. Бұл жайт блогердің стористерінен-ақ байқалған. Алайда, Нұршат жұмысы аяқталған соң бір апта бойы ақы төлеуді сұрап жүргенде, тапсырыс беруші үнсіз қалып, соңында бұғаттап тастаған.

Мен өз жұмысымды адал атқардым. Белгілі блогердің іс-шарасына арнайы торт әзірледім. Салмағы — 18 кг, өнімдер — барлығы сапалы, бағасы да арзан емес. Жалпы 440 мың теңгеден астам шығынды өз қалтамнан шығардым. Барлық чек сақтаулы. Бірақ ақшамды әлі алған жоқпын», – дейді Нұршат.

Сондай-ақ, кондитердің айтуынша, бұл тортты төр адам жабылып жүріп жасады, соларға да төлейтін ақысы бар.

Сондай-ақ оқыңыз