«Жарты бас болып шығып тұрмын»: Тұрсынбек Қабатов басына ота жасатқанын айтты

Жарияланды 10 Тамыз 2025 16:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов басына ота жасатқанын айтты / фото: скрин

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов басына ота жасатқаны жайлы өзі сахнада жария етті. Бұл сәт 6 шілде күні Астанада өткен концертінде айтылған, концерттің эфирі кеше 9 тамыз күні Жібек жолы арнасында көрсетілді.

Сахнада Қабатов денсаулығына қатысты жағдайды әзілмен жеткізді:

«Жақында басыма операция жасатқам. Тромп болып қалып, басымның «крышкасын» алып тастады. Қазір алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын», – деп қалжыңдады Қабатов.

Көрермендер бұл сөзді ду күлкімен қарсы алды. Әзілкеш денсаулығы жақсарып, қайта сахнаға оралғанына ризашылығын білдірді.

Әлеуметтік желіде оқырмандар да әзілкешке зор денсаулық тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Еске сала кетейік, Тұрсынбек Қабатов 2024 жылдың соңында 45 жылдыға арналған барлық концерттерін денсаулығына байланысты кейінге шегірген еді. Артынша сахнаға 2025 жылдың көктемінде бірақ шықты.

Сондай-ақ оқыңыз