Bank CenterCredit мемлекеттен алған 30 млрд теңге көмекті қайтарды

Жарияланды 11 Тамыз 2025 15:39

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фарид Велиев

Фарид Велиев

Фото: Bank CenterCredit

Bank CenterCredit мемлекеттен алған 30 млрд теңге көлеміндегі көмекті толық қайтарып берді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі Kursiv.media-ға хабарлады.

Аталған қаражатты банк 2017 жылы Қазақстанның тұрақтылық қорынан (Ұлттық Банктің еншілес құрылымы) 29,99 милн атаулы облигациясын кері сатып алуға жұмсаған. Әрбір облигацияның атаулы құны – 1 мың теңге, ал мәміленің жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңге болды.

«Бұған дейін банк алған қаржыны мерзімінен бұрын қайтару ниетін мәлімдеген еді. Мемлекетке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамыз», – деді қаржы ұйымының президенті Руслан Владимиров.

Оның айтуынша, борышты мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қаржы көрсеткіштеріне, рейтингтерге ықпалын және ҚҚС бойынша салық заңнамасындағы өзгерістерді кешенді талдаудан кейін қабылданған.

Жалпы, банк 60 млрд теңге қарыз алған. 2024 жылы 20 млрд теңгеге облигацияны қайтарып алса, 2025 жылы тағы 10 және 30 млрд теңгенің қарызын жапты. Осылайша, БЦК мемлекеттен бағдарлама аясында алған барлық қаржыны толық өтеді.

Банктің ірі акционерлері – Бахытбек Байсеитов пен Владислав Ли. Екеуі де 2025 жылғы Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 75 адамның қатарына кірді. Байсеитовтың байлығы – 580 млн доллар (16-орын), ал Лидің жағдайы – 125 млн доллар (63-орын).

Сондай-ақ оқыңыз