Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталушы темір торға қамалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталушы темір торға қамалды
Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталушы темір торға қамалды/Фото: polisia.kz

Қызылордада пробация есебінде тұрған сотталушы электронды бақылау құрылғысын үзіп тастағаны үшін жазасының қалған бөлігін түрмеде өтейтін болды.

Қызылорда қалалық пробация қызметінде тіркеуде тұрған Р. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Оған пробациялық бақылау орнатылып, электронды білезік тағылған.

Алайда ол сот белгілеген міндеттерді жүйелі түрде орындамай, жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Пробация қызметкерлерінің төрт рет берген ескертуіне де құлақ аспаған.

– Бұл азамат жазаны өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзды. Оның үстіне мас күйінде электронды құрылғысын өз еркімен үзіп тастаған. Жүргізілген тәрбиелік шаралар нәтиже бермеген соң, іс материалдары сотқа жолданды. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі – 1 жыл 8 айы – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖД мекемесіне жіберілді, – деді пробация қызметі басшысының орынбасары Гүлнұр Байсариева.

Облыста жыл басынан бері жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған 18 сотталушы түрмеге жіберілген.

Бұған дейін, Түркістанда көрші келіншекті азаптап өлтірген адам 20 жылға сотталған.

Сондай-ақ оқыңыз