Жаңалықтар

Енді ХҚКО-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметі көрсетілмейді

Енді ХҚКО-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметі көрсетілмейді
Енді ХҚКО-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметі көрсетілмейді/Фото: Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы танымал қызметтердің бірі – тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру сервисі енді тек онлайн көрсетіледі.

Аталған өзгерісті көздейтін бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігі әзірлеген.

Өзгеріс тұрғылықты жер бойынша тұрақты тіркеу қызметін де, уақытша тіркеу қызметін де қамтиды.

Пилоттық жоба мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында әзірленгені аталып өтілген.

Бұған дейін, 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны алу тәртібі өзгеретінін жазғанбыз. Бұл қызмет те толық онлайн форматқа ауыстырылған.