Бір аптадағы бетбұрыс: Украина факторы және күзгі сценарийлер

Тамыздың алғашқы аптасында жаһандық қаржы нарықтары бірнеше маңызды фактордың ықпалында болды: АҚШ-тағы саяси және монетарлық өзгерістер, мұнай бағасының қысқа мерзімді әлсіреуі, алтынның тұрақтылығы, валюталық нарықтағы теңгенің салыстырмалы тұрақты бағыты және Қазақстандағы корпоративтік акциялардың аралас динамикасы.
АҚШ нарығы: Өсу фонында сақтық белгілері
Апта бойы S&P 500 индексі оң динамика көрсетті:
- Апта басы, 4 тамызда өсім — (+1,6%), 6389 пункт.
- Бейсенбі, 7 тамыз күні — (+2,6%), 6401 пунктке дейін.
Дегенмен техникалық тұрғыда индекс әлі де коррекциялық сценарийде. Негізгі мақсат – 6030–6130 пункт. Бұған дейін 6230 деңгейінде сатылым сигналы пайда болған. Қазір 6370–6390 – негізгі қарсылық аймағы, ал 6270–6290 – маңызды қолдау. Қолдау бұзылса, индекс төменгі мақсаттарға қарай қозғала бастайды.
Инвесторлар мінез-құлқы:
Апта ішінде ірі капитал иелері SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY)-дан 10,4 млрд доллар алып кетті. Жаз мезгілі үшін бұл өте ірі көлем және коррекцияның жалғасуы мүмкін екенін білдіреді.
Саяси фон:
- Дональд Трамп ФРЖ құрамына өзгерістер енгізіп, Адриана Куглердің орнына Стивен Мирана тағайындалды. Бұл шешім ФРЖ мүшелерінің қыркүйекте мөлшерлемені 0,50 п.п. төмендету ықтималдығын күшейтті.
- Күз айлары — тарихи тұрғыда S&P 500 үшін әлсіз кезең. Қыркүйек-қазан айларында жиі төмендеу байқалады.
Халықаралық нарықтар: Ресей көшбасшы
Геосаяси тәуекелдің төмендеуі – АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздердің форматы мен орны талқыланып жатыр. Нарық қатысушылары келісімнің нақты мазмұнын білмесе де, «дипломатиялық серпіліс» басталғанына сенімді. Бұл инвесторлардың Ресей активтеріне деген сұранысын арттырды.
МосБиржа индексі апта ішінде +6,37% өсіп, әлемдік негізгі индекстер арасында көш бастады. Мұндай секіріс қысқа мерзімде көбіне геосаяси күтулермен байланысты болады.
Апталық өзгерістер мынадай болды:
- МосБиржа — (+6,37%)
- Shanghai — (+1,87%)
- S&P 500 — (+1,62%)
- KASE — (+0,43%)
- Hang Seng — (+0,46%)
- FTSE 100 — -(0,41%)
Ресей нарығының өсуіне рубльдің нығаюы, мұнай бағасының салыстырмалы тұрақтануы және ішкі ірі компаниялардың қаржылық есептері түрткі болды.

Мұнай нарығы: Қысқа мерзімді әлсіздік
Brent — 66,32 доллар, апталық төмендеу — -4,79%.
Негізгі себептер:
- ОПЕК+ қыркүйекте өндіріс көлемін тәулігіне +548 мың баррель арттыруға келісті.
- Украина қақтығысын реттеу бойынша ілгерілеу белгісі — геосаяси сыйымдылық премиясының қысқаруына әкелді.
Техникалық көрініс:
- Қолдау: 66,00–68,00 доллар.
- Қолдау бұзылса, 56,00–58,00 доллар диапазонын көруіміз мүмкін.
- Қарсыласу: 76,00–78,00 доллар.
Алтын: диапазон аяқталуға жақын
Бағасы: 3 401,2 доллар (+1,70%).
Жаз бойы алтын 3250–3450 доллар диапазонында қозғалып келді. Қазіргі баға 3430–3450 доллар қарсылығына жақындап тұр. Бұл деңгей бұзылса, жаңа өсу импульсі басталуы ықтимал. Қолдау аймағы 3230–3250 доллар.
Валюта нарығы: Теңге тұрақты, доллар әлсіреуде
USD/KZT аптаны 540,77 деңгейінде аяқтады (+0,04%).
Апта ішіндегі бағам динамикасы:
- 04.08 — 540,50 теңге
- 05.08 — 537,05 теңге
- 06.08 — 537,50 теңге
- 07.08 — 538,75 теңге
- 08.08 — 540,76 теңге
Теңге апаның соңғы күнінде доллар бағасын 1/540 дәлізне қайта өсірді.
Қазақстан қор нарығы: Аралас динамика
KASE индексі — 6418,14 (+0,43%).
Ең көп өскендер:
- Kaspi.kz (KSPI) — (+5,53%)
- BCC.kz (CCBN) — (+5,41%)
- ҚазМұнайГаз (KMGZ) — (+4,07%)
- ҚазАтомӨнеркәсіп(KZAP) — (+3,13%)
Төмендегендер:
- Kcell — (-0,35%)
- KEGOC —( -0,14%)
- ҚазТрансОйл — (-0,37%)
Алдағы аптаға болжам
- АҚШ: 13 тамызда шілде айының инфляция деректері жарияланады. Бұл ФРЖ-ның қыркүйек айындағы шешіміне әсер ететін негізгі фактор.
- Геосаясат: АҚШ пен Ресей арасындағы кездесудің орны мен форматы нақтылануда. Бұл геосаяси шиеленісті азайтып, нарыққа оң ықпал етуі мүмкін.
- Мұнай: Қолдау деңгейінде саудаланып тұрған Brent-тің қыркүйекке қарай қайта өсу ықтималдығы бар.