Lifestyle

«Джей Ло көзді қыздырып жүр»: Ерке Есмахан сахнаға оралатынын айтты

Ерке Есмахан сахнаға оралатынын айтты / фото: instagram: erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі жазбасында декреттен кейін, сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді. Үш баланың анасы бұл жолы үзілісті ұзаққа созбай, шығармашылыққа тезірек қайта кіріспек.

«З баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығудамын. J.Lo да көзді қыздырып әлі жүр. Қайтса екен концерттерін аяқтап, фигураны ойламай, өзіміз тыныш отырып бешбармақ жейтін», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Еркенің жазбасын әзілмен де, сүйіспеншілікпен де қабылдап, түрлі пікір қалдырды:

«Джейлоға батаңды бер де, қайта берсің де», «Біздің J.Lo өзің боп тұрсың ғой, Ерке», «Шакира келеді деген ақпарат тарап жатыр», «Шет елдің J.Lo-сын қайтеміз, өзіміздің Еркеміз тұрғанда!»

Кейбір пікірлерде қазақтың қыздарының ерекшелігі де атап өтілді: «Қазақтың қыздарын ешкіммен салыстыруға келмейді, бала тауып, күйеудің көңілін табу тек бізге тән және сол ісімізбен ерекшеміз!» деп жазды бір оқырманы.

Еске сала кетейік, бұған дейін декретте отырған Ерке Есмахан оқырмандарына өзінің киімдерін сатқан еді.