Трамп Ресейге баратынын мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп Ресейге жұма күні бармақ / фото: KursivMedia мұрағаты
Трамп Ресейге жұма күні бармақ / фото: KursivMedia мұрағаты

Дональд Трамп осы жұма күні Ресейге баратынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

«Мен Путинмен кездесемін, Ресейге бара жатырмын», – деді ол Ақ үйде өткен баспасөз мәслихаты кезінде.

Мұның алдында Ресей президентімен кездесу 15 тамызда Аляскада өтеді деп жоспарланған болатын. Тіпті, АҚШ-тың құпия қызметі бір үйді жалға алғаны да жазылған еді.

Ақ үй қожайыны Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бар күш-жігерін салып жатыр. Мұның алдында ол Ресейге арнайы өкіл жіберген. Стив Уиткофф тараптар арасындағу кездесуді сәтті өтті деп мәлімдеген еді.

Трамп сайлау науқанында бұл соғысты дереу тоқтатуға уәде берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз