
Дональд Трамп осы жұма күні Ресейге баратынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.
«Мен Путинмен кездесемін, Ресейге бара жатырмын», – деді ол Ақ үйде өткен баспасөз мәслихаты кезінде.
Мұның алдында Ресей президентімен кездесу 15 тамызда Аляскада өтеді деп жоспарланған болатын. Тіпті, АҚШ-тың құпия қызметі бір үйді жалға алғаны да жазылған еді.
Ақ үй қожайыны Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бар күш-жігерін салып жатыр. Мұның алдында ол Ресейге арнайы өкіл жіберген. Стив Уиткофф тараптар арасындағу кездесуді сәтті өтті деп мәлімдеген еді.
Трамп сайлау науқанында бұл соғысты дереу тоқтатуға уәде берген болатын.