Қайтарылған активтерден 10 млрд теңге Абай облысын сумен қамтуға жұмсалады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: depositphotos.com

Қайтарылған активтердің 10 млрд теңгеден астамы Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға жұмсалады.

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылуда, оның жетеуі – Семей қаласында. Нақты айтқанда Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жаңартылады. Сумен қамту ауылдық аумақтарды да қамтиды.

«Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деп жазылған хабарламада.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.

Бұған дейін қайтарылған 45 млрд теңгеге СҚО-ның су құбырлары жаңғыртылады деп хабарланған. Одан бөлек 100 мың оқушыға лайықталған 89 мектеп те бой көтереді.

Сондай-ақ оқыңыз