Мүгедек балаға зорлық көрсеткен күдікті Ресейден Қазақстанға жеткізілді

Қостанай облысында кәмелет жасқа толмаған балаға зорлық көрсеткен күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.
Құзырлы мекеме мәліметінше, бұл оқиға 2024 жылғы қарашада Қостанай облысында болған.
«Ата-анасын танитын күтікді жасөспірімнің пәтеріне келген. Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған», – деп жазды прокуратураның баспасөз қызметі.
Осы оқиғадан кейін күдікті Қазақстаннан қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған.
Күдікті былтыр Ресейдің Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Күдікті 15-17 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.