Түркияның батыс өңірінде жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Түркияның Балыкесир провинциясында жер сілкінді / фото: REUTERS/Efekan Akyuz 
Түркияның Балыкесир провинциясында жер сілкінді / фото: REUTERS/Efekan Akyuz 

Түркияның батысында орналасқан Балыкесир өңірінде 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілді. Бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы түрік баспасөзі хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 19.53-да (Астана уақытымен сағат 21.53) басталды. Содан кейін қуаты 4,6, 4,1 және 4 балдық тағы үш мәрте жерасты дүмпуі болды.

Жерасты дүмпуі Ыстанбұл және Измир қалаларында да сезілді / фото: REUTERS/Efekan Akyuz
Жерасты дүмпуі Ыстанбұл және Измир қалаларында да сезілді / фото: REUTERS/Efekan Akyuz

Дүмпу ошағынан шамамен 120 км жердегі Измир, шамамен 200 км жердегі Ыстанбұл қалаларының тұрғындары да жер сілкінгенін сезді. Түрік төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, шамамен жиырма шақты афтершок тіркелген. Олардың бесеуінің қуаты 4-5 балл шамасында болған.

Балыкесир провинциясының Сындырғы ауданында болған жер сілкінісінен бір адам қаща тауып, 29 адам жараланды. Ішкі істер министрі Әли Ерликая 81 жастағы ақсақал ауруханада қайтыс болғанын айтты. Қалғандарының жағдайы ауыр емес.

Мәліметтерге қарағанда, кем дегенде 24 ғимарат қираған. Құтқару жұмыстарын 300 адам атқарып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз