Вэнс: Ресейден мұнай алғаны үшін Қытайға қосымша салық салуымыз мүмкін

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, Құрама Штаттар Ресейден мұнай алғаны үшін Қытайға қосымша баж салығын енгізу туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Бірақ Ақ үй басшысы ойланып жүр. Бұл туралы Fox News хабарлайды.
Телеарнаның мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы жанжалды қаржыландыруды доғарғысы келеді. Вэнс осылай деп мәлімдеген.
«Бірақ еуропалықтар белсенділік танытып, америкалық қару-жарақ сатып алғысы келсе, біз қарсы емеспіз. Дегенмен біз өз бетімізбен оны қаржыландырмаймыз», – дейді Вэнс телеарна эфирінде.
Тамыздың басында АҚШ сенатының комитеті Украинаға шамамен 1 млрд доллар көмек бөлуді мақұлдаған. Президент Трамп мұнай ұсыныс тастамаса да, бастаманы демократтар да, республикашылар да қолдаған. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Бұл уақытта, Еуропа елдерінің басшылары Құрама Штаттарды, Путин мен Трамп кездесуіне дейін, Мәскеуге қысым көрсетуге кеңес берді. Financial Times мәліметінше, ЕО елдері сол арқылы Украинадағы соғыстың тезірек аяқталуын қалайды. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Аляскада кездеседі.
FT дерегінше, Брюссель Кремльге ықпал ету тетіктерінің бірі деп бұғатталған ресейлік активтерді Украинаға беруді ұсынып отыр. 2025 жылғы наурыздың аяғындағы мәлімет бойынша, Euroclear Bank-те Ресейдің 195 млрд еуросы бұғатталып жатыр.