Жаңалықтар

Ауылға баратын жас мамандарға арналған ипотеканың пайызы өседі

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасының нәтижесі шықты
Үкімет жас мамандарға үй алуға берілетін несиені қымбаттатып жіберді / Фото: kursiv.media архиві

18 тамыздан бастап ауылға баратын мамандарға тұрғын үй несиесін беру бойынша жаңа ережелер күшіне енеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін бюджеттік несиенің пайыздық мөлшерлемесін көтеру туралы құжатқа өзгерістер енгізді. Бұйрыққа ведомство басшысы Серік Жұманғарин қол қойды.

Жеңілдіктер бұрынғыдай денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдық округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған.  Ол үшін елді мекенге  немесе ауылдық округке  жұмысқа орналасуы тиіс.

Негізгі өзгерістер:

  • несие мерзімі – 15 жылға дейін, бірақ сыйақы мөлшерлемесі бұрынғы 0,01%-дың орнына енді 1% жылдық болады;
  • қоныс аударатын аймақта несие алушының, оның жұбайының және балаларының атында тұрғын үй болмауы тиіс.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер банктер үшін бағдарламаның тұрақтылығын арттыруға бағытталған, алайда мамандар үшін қолжетімді ипотека шарты сақталады.

Еске салсақ Ұлытау облысында жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотекаға өтінім қабылданып жатыр. Бағдарлама Сәтбаев қаласында тұратын жұмысшы мамандарға арналған.