Lifestyle

Қазақстанда Hyundai Palisade-тың екінші буыны қанша тұрады

Hyundai Palisade, новый хендай палисад, хюндай палисад 2025
Қазақстанда жаңа Hyundai Palisade-тың бағасы 33,9 млн теңгеден басталады / Фото: hyundai.com/kz

Жаңа Hyundai Palisade ресми түрде Қазақстанға келді. Алматыдағы зауытта құрастырылатын жол талғамайтын көліктің бағалары да жарияланды.

Біздің елде бұл автокөлік жалғыз ғана қозғалтқыш нұсқасында ұсынылады, яғни, 2.5 литрлік турбоқозғалтқыш, қуаты 249 ат күшіне тең, айналу моменті — 422 Нм. Ол 8 сатылы автоматты беріліс қорабы және толық жетек жүйесімен жұмыс істейді. Айта кетейік, көлік моделі техникалық сипаттама құжатында 281 ат күшіндегі нұсқамен де көрсетілген, бірақ ол баға тізімінде жоқ.

 Қазақстандықтарға Palisade үлгісінің үш түрлі жинақтамасы ұсынылады. Әрқайсысын 2-қатарда бөлек орындықтары бар 7 орынды немесе дәстүрлі 8 орынды нұсқада таңдауға болады.

Фото: hyundai.com/kz

Ең қарапайым жинақтама — Prestige. Оның бағасы 8 орынды нұсқада — 33,9 млн теңге, ал 7 орындық — 34,5 млн теңге.

Бұл нұсқада алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтары, қауіпсіздік перделері, электрондық көмекшілер пакеті, люк, кілтсіз кіру жүйесі, жүксалғыш есігінің электрлі жетегі, үш аймақты климат-бақылау қарастырылған. Бұған қоса бірінші және екінші қатар орындықтарының жылытқышы, рөл, айналар мен алдыңғы әйнек жылытқышы, алдыңғы орындықтардың желдеткіші, 12,3 дюймдік сандық аспаптар панелі және дәл сондай экранды мультимедиа жүйесі, бірнеше USB-C ұяшықтары, сымсыз қуаттау құрылғысы, қосымша электрлі жылытқыш және т.б. бар. Салон былғарымен қапталған.

Фото: hyundai.com/kz

Орташа Luxe жинақтамасы Prestige нұсқасынан кеңейтілген мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Бұл жинақтамаға:

  • Артқы терезелерге арналған перделер, 
  • алдыңғы әйнекке проекциялық дисплей, 
  • екі секциялы панорамалық шатыр, 
  • артқы қатар орындықтарының жылытқышы, 
  • екінші қатар желдеткіші, 
  • интеллектуалды қашықтан автотұрақ жүйесі, 
  • 14 динамикасы бар дамытылған аудиожүйе. 

Бағасы 35,8 млн теңгеден бастап 36,4 млн теңгеге дейін өзгереді.

хендай палисад
hyundai.com/kz

Ең жоғарғы жинақтамасы Palisade — Calligraphy нұсқасы болып қала береді. Бағасы 39,3 млн теңгеден бастап 39,9 млн теңгеге дейін барады.

Бұл нұсқада келесі артықшылықтар бар:

  • Жүргізушіге арналған тізе қауіпсіздік жастығы, 
  • интерьері Nappa былғарысы мен замша үйлесімімен әрленген, 
  • алдыңғы орындықтарда оттоманка және жүргізуші орындығына массаж функциясы, 
  • руль бағанасының электрлі реттелуі, 
  • екінші қатарда (7 орынды нұсқада) жайлылығы арттырылған орындықтар, 
  • саусақ ізімен тану сканері, 
  • сандық артқы көрініс айнасы, 
  • 21 дюймдік дискілері бар арнайы сыртқы стиль пакеті.

Еске салсақ осыған дейін Hyundai компаниясының Қазақстандағы өкілдігі Palisade жол талғамайтын көлігінің екінші буынын отандық нарыққа шығаруға дайындалып жатқандығы жайлы хабарлаған едік.