iPhone 17 алдыңғы моделіне қарағанда айтарлықтай қымбат болады – сарапшы

Жарияланды 11 Тамыз 2025 11:25

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
iPhone 17 сериясы iPhone 16-ға қарағанда қымбатырақ болады / Фото: AppleInsider

GF Securities сарапшысы Джефф Пу инвесторларға арналған зерттеуінде iPhone 17 сериясы iPhone 16-ға қарағанда қымбатырақ болатынын мәлімдеді.  

Ақпарат көзіне сүйенсек, жаңа смартфонның бастапқы бағасы 849 долларды құрайды, бұл қазіргі үлгісінен (799) қымбатырақ. Сонымен қатар бұл жолы құрылғының ең төменгі жадының көлемі 256 ГБ болады деп күтілуде. Бұған дейін Apple дәл осындай тәсілді iPhone 15 Pro Max-қа да қолданған болатын, бірақ ол кезде баға бірден 100 долларға өскен еді.

Apple-дың жаңа смартфондар сериясының таныстырылымы келесі айда өтеді деп күтілуде. Биыл компания Plus моделінен бас тартып, оның орнына өте жұқа корпустағы iPhone 17 Air ұсынуы мүмкін. Ал негізгі модельден басқасының барлығы камера блогының дизайны жағынан елеулі өзгерістерге ие болады деп болжануда.

Еске салсақ осыған дейін инсайдерлік ақпараттар iPhone 17-нің барлық түсін көрсеткен болатын.

Сондай-ақ Apple 2027 жылға қарай кемі алты жаңа iPhone шығаруды көздеп отырғаны туралы ақпарат шыққан. Ал күзде шығатын iPhone 17 Pro Max қуаты 35 сағатқа дейін жетеді деген де ақпарат бар. 

Сондай-ақ оқыңыз