Адвокат Ерлан Қожағапановтың ісін бірінші сатыдағы сотқа қайтаруды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Адвокат Кожагапанова потребовал отвод состава суда на апелляции
Қожағапанов соты жалғасып жатыр/фото: facebook.com

Бұрынғы мәдениет вице-министрі Ерлан Қожағапановтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотқа қайтаруды сұрады. Бұл туралы адвокат істі апелляциялық сатыда қарау барысында айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Адвокаттың айтуынша, сот отырысы хаттамасына қатысты ескертулері бірінші сотта қаралмаған. Соған байланысты апелляциялық сатыдағы сотқа шағым беру құқығв бар.

«Сот отырысының қысқаша хаттамасына айтылған ескертулерді толық қарау үшін апелляциялық сатыдан осы қылмыстық істі толықтай бірінші сатыдағы сотқа қайтаруды сұраймын. Себебі апелляциялық сот бұл ескертулерді қарай алмайды, бұл бірінші сатыдағы соттың міндеті», – дейді Бейсекеев.

Адвокат қылмыстық-процестік кодекстің 10-бабы 1-бөлігі талаптарына сәйкес қылмыстық істі сотқа қайтаруды сұрады.

Айта кетейік, Астананың қалалық сотында 3 жылға сотталған бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов пен 5 жылға сотталған кәсіпкер Ләззат Көккөзоваға қатысты іс апелляциялық сатыда қаралып жатыр

Сондай-ақ оқыңыз