Балалар үйін көшіруден шыққан даудан кейін, тағы бір шенеунік қызметінен кетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Балалар үйін көшіруден шыққан даудан кейін тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Балалар үйін көшіруден шыққан даудан кейін тағы бір шенеунік қызметінен кетті/Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіру кезінде шыққан шудан кейін, Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылған.

Күреңбеков аталған қызметке былғыр тамызда ғана тағайындалған. Ол бұл лауазымға ҰҚК-ден ауысып келген. Әр жылдары ҰҚК-нің Павлодар, Алматы облыстары, Алматы, Астана, Қостанай қалалары бойынша департаменттерінде қызмет еткен.

Бұған дейін, Бағанашылда орналасқан балалар үйінің айналасындағы шудан кейін, облыстың Ішкі саясат және Білім басқармаларының басшысы қызметінен кеткен.

Жалпы балалар үйінің айналасындағы даулы жағдай биылғы наурыз айында басталған. Орталық тәрбиеленушілері өздерін Алматыныңбаспанасынан шығарып, Қонаевқа көшіргелі жатқанына қарсылық білдіріп, желіде үндеу жолдаған.

Артынша, мәселе Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мен Алматы облысының әкімдігі деңгейінде шешімін тауып, балалар ешқайда көшірілмейтіні хабарланған.

Ал мамыр айында қоғамдық белсенді Юлия Нестерова тәрбиеленушілерге қайтадан орталықтан шығып қалу қаупі төнгенін айтқан. Ол орталық басшылығы әдейі жөндеу жұмыстарын жүргізбей, ғимаратты тұруға жарамсыз деп танып, ондағы тәрбиеленушілерді шығарып жібере ме деп қауіптенетінін жеткізген. Алайда орталық басшылығы ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін смета толтырып, Алматы облыстық Білім басқармасына тиісті өтінім жолданғанын, белсендінің күдігі орынсыз екенін айтқан. Білім басқармасы Kursiv.Media-ға жолдаған жауабында 2025 жылы орталыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын, мәслихат шешімін күтіп отырғанын хабарлады

10 шілдеде тәрбиеленушілер Қонаевқа көшірілгелі жатқаны белгілі болды. Алматы облысының Білім басқармасы мұны орталық ғимаратының апаттық жағдайда екенімен байланыстырған

Ал 21 шілде күні әкімдік тәрбиеленушілерді көшіруге тырысқанда, тәрбиеленушілер полициямен қақтығысып, мәселеге президент тоқсау салып, президент әкімшілігіне дауды тексеруді тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыз