Qonaev Cup 2025: «Masters» турнирінде Үндістан өкілі үздік атанды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Qonaev Cup 2025: «Masters» турнирінде Үндістан өкілі үздік атанды
Qonaev Cup 2025: «Masters» турнирінде Үндістан өкілі үздік атанды/Фото: Шахмат федерациясы

Алматы маңында өткен «Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» халықаралық шахмат фестивалі аясындағы «Masters» турнирін Үндістан өкілі Адитья Миттал жеңіп алды.

Жүлделі орындардың тағдыры соңғы турда шешілді. Гребнев пен Сетураман гроссмейстерлік теңойынға келіскен болса, Матлаков – Амин және Акопян – Миттал партиялары дәл осындай нәтижемен аяқталғанымен, мүлдем басқа сипатта өрбіді. Рейтинг фавориті, мысырлық шахматшы жүлде тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ал қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс 18 жастағы Адитья Миттал кубоктық хет-трик жасады. Үндістандық гроссмейстер 2023 жылы Қазақстан кубогының Астана және Павлодар кезеңдерінде жеңімпаз болған еді.

Қазақстандық қатысушылар арасындағы ең үздік нәтиже 22 жастағы Рамазан Жалмахановқа тиесілі – ол 5 ұпай жинап, 17-ші орынға ие болды.

Әйелдер арасындағы ең үздік нәтиже үшін тағайындалған 1000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені 19 жастағы Әмина Қайырбекова (2297) иеленді. Ол 4 ұпаймен жалпы есепте 45-ші орын алды.

Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025 – Masters жүлдегерлері:

1. GM Адитья Миттал (2560, Үндістан) – 6½ ұпай ($18000); 

2. GM Алексей Гребнев (2595, FID) – 6½ ($14000); 

3. GM Бассем Амин (2633, Мысыр) – 6 ($10000);

4. IM Максим Царук (2470, FID) – 6 ($7000);

5. GM Сетураман С. П. (2569, Үндістан) – 6 ($6000);

6. GM Арам Акопян (2625, Армения) – 6 ($5000);

7. GM Максим Матлаков (2608, FID) – 6 ($4000);

8. IM Рохит Кришна С. (2500, Үндістан) – 6 ($3000);

9. GM Тин Цзинъяо (2579, Сингапур) – 6 ($2000);

10. GM Сапармурат Атабаев (2492, Түрікменстан) – 6 ($1600);

11. GM Михаил Никитенко (2504, Беларусь) – 6 ($1500);

12. IM Уурцайх Агибилег (2428, Моңғолия) – 6 ($1400);

13. IM Аюш Шарма (2432, Үндістан) – 5½ ($1300);

14. GM Нараянан С. Л. (2595, Үндістан) – 5½ ($1200);

15. GM Никита Афанасьев (2499, FIDE) – 5½ ($1000).

Маңызы жағынан екінші Challengers турнирінде көшбасшылар арасындағы Асқаров – Әбділқайыр партиясы тең аяқталды. Дегенмен Өскеменде өткен алдыңғы Challengers турнирінің жеңімпазы Константин Корниенко оларды қуып жеткенімен, тәжірибелі Асқаровты ғана артта қалдыра алды. Нәтижесінде Шымкенттен келген 21 жастағы Әбілмансұр Әбділқайыр чемпион атанды!

Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025 – Challengers жүлдегерлері:

1. IM Әбілмансұр ӘБДІЛҚАЙЫР (2380) – 7 ұпай ($4000);

2. CM Константин Корниенко (2305, FID) – 7 ($3000);

3. IM Бақтияр АСҚАРОВ (2295) – 7 ($2000);

4. Нургазы Жеенбеков (2176, Қырғызстан) – 6½ ($1000);

5. IM Евгений ПАК (2317) – 6½ ($1000);

6. Ақылжан МЕЙІРХАНҰЛЫ (2230) – 6½ ($800).

Open турнирінде ең жақын қарсыластарынан бір ұпай алда келе жатқан Азамат Нұрдинов үшін жалпы жеңіске жетуге тең нәтиже жеткілікті еді. Алайда ол Орал қаласынан келген 16 жастағы Төрехан Молбайға есе жіберді. Көшбасшыны Шымкенттен келген 15 жастағы Айбек Тілекқабыл да қуып жетті. Дегенмен «қысқартылған» Бухгольц коэффициенті қырғызстандық қонақты 1-ші орында қалдырды.

Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025 – Open жүлдегерлері:

1. Азамат Нұрдинов (1807, Қырғызстан) – 7½ ұпай ($2000);

2. Төрехан МОЛБАЙ (1860 – 7½ ($1500);

3. Айбек ТІЛЕКҚАБЫЛ (1880) – 7½ ($1000);

4. Янь Зимо (1704, Қытай) – 7 ($800);

5. Дінмұхамед МЕЛС (1808) – 7 ($700).

Фото: Шахмет федерациясы
Фото: Шахмет федерациясы

Айта кету керек, «Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» халықаралық шахмат фестивалі – ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтан 2025 жылғы Қазақстан кубогының 3-ші кезеңі болып саналады. Биыл 3 кезең швейцариялық жүйе бойынша өтті, енді финал ғана қалды. Оған 12 қатысушы, айналмалы жүйе бойынша қатысады

  • 1-ші кезең – Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2025 (Ақтөбе, 22–30 маусым);
  • 2-ші кезең – Oskemen Open 2025 (Өскемен, 21–29 шілде);
  • 3-ші кезең – Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025 (ОДО, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, 4–12 тамыз);
  • Финал – Kazakhstan Chess Cup 2025 – Final (Алматы, 9–19 қараша).

Алматы облысының Алмалыбақ ауылындағы Олимпиадалық даярлық орталығында өткен ірі шахмат додасы 4 тамыз күні басталған.

Сондай-ақ оқыңыз