Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
«12 тамыз сағат 22:00-ден 13 тамыз сағат 06:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Қайырбеков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Алматылықтар жөндеу жұмыстарына байланысты көшелердегі көлік қозғалысына енгізілетін шектеулерді AlmatyJoly Telegram-арнасынан, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ, 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінен бақылап отыра алады.
Бұған дейін, Пушкин көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлағанбыз.