Lifestyle

Криштиану Роналду 40 жасында алғаш рет үйленбек

Криштиану Роналду 40 жасында алғаш рет үйленбек / фото: instagram

Әлемдік футбол жұлдызы, 40 жастағы португалдық шабуылшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйленуге ұсыныс жасады.

Джорджина Instagram-да қалыңдық сақинасын тағып тұрған суретін жариялап, астында:

«Иә, мен қалаймын. Бұл өмірімде де, барлық өмірлерімде онымен бірге болуды қалаймын» деп жазып, Роналдуды белгілеп қойды.

Криштану мен Джорджина 2016 жылдан бері бірге және бес баланы тәрбиелеп отыр: Роналдуның тұңғышы – кіші Криштиану және екі егіз Ева мен Матео суррогат анадан, сондай-ақ екеуінің ортақ қыздары — Алана Мартина мен Белла Эсмеральда.

Айта кетейік, маусым айында Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әль-Наср» клубымен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты.