Қазақ футболының жарық жұлдызы Дастан Сәтбаев 17 жасқа толды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дастан Сәтбаев 17 жасқа толды
Дастан Сәтбаев 17 жасқа толды / фото: fckairat

12 тамыз күні «Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтбаев 17 жасқа толды. Жас болса да, алматылық талант өз қатарластары арасында ғана емес, жалпы қазақ футболында да бірқатар рекордтарды жаңартты.

Алматы тумасы – «Қайрат» академиясының түлегі. 2024 жылы QJ League біріншілігінде ерекше көзге түсіп, 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіш елдегі ең үздік жас шабуылшылар қатарына қосты.

2025 жылдың ақпан айында Дастанға Англияның атақты «Челси» клубы назар аударып, жас вундеркиндтің трансфер құқығын толықтай сатып алды. Лондондық «аристократтар» бұл келісім үшін қазақстандық футбол тарихында бұрын-соңды болмаған сома — 2+1,6 миллион фунт стерлинг төледі.

Алайда, ФИФА-ның кәмелетке толмаған ойыншыларға қатысты трансферлік шектеулеріне байланысты Дастан 18 жасқа дейін Қазақстанда қалуға мәжбүр. Демек, жас шабуылшы Тұманды Альбионға 2026 жылдың жазында ғана аттанады.

Қазірдің өзінде қазақ жанкүйерлері болашақта Дастанның «Челси» сапында жарқырап, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғайтынына зор сеніммен қарайды.

Айта кетейік, бұған дейін Kursiv Media Дастан Сәтбаев мысалында еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының жағдайына арналған деректі фильм түсірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз