ChatGPT ақылын тыңдаған адам жындыханаға түсті

ChatGPT кеңесін тыңдап, үш ай бойы асына тұздың орнына бромид сепкен адамды АҚШ-та күштеп жындыханаға жатқызған.
Annals of Internal Medicine журналының ақпаратына қарағанда, бұл жайт ауыр улануға әкеп соғып, психозға шалдықтырған.
«Көршім улады»
Науқас паранойямен ауруханаға түскен. Көздеріне әрдеңе елестеп, су ішуден бас тартыпты. Өзінің айтуынша, «оны көршісі улаған».
Медициналық тексеру ол бромидпен уланғанын анықтады. Содан кейін психиатриялық бөлімшеге жатқызылған.
ЖИ кеңесі
Кейін белгілі болғандай, ол тұзды аз тұтынбақ болып, оның орнына не қолдануға болатынын ChatGPT-ден сұраған. Жасанды интеллект оған бромидті қолдануға кеңес беріпті.
Тексеріп көрсе, ChatGPT шын мәнінде де қауіпті екенін ескертпестен тұздың орнына бромид пайдалануға кеңес беретіні анықталды.
Бромид қазір неге қолданылмайды?
Дәрігерлердің айтуынша, бромид ілкіде медициналық мақсатта қолданған. Бірақ улы болғандықтан ұзақ қабылдауға болмайды деп қолданыстан алынып тасталды. Бүгінде ол тек қана ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен тағам қоспаларында ғана кездеседі.
Әйтеуір аман қалды
Қазір жындыханаға түскен америкалық толық қалпына келіп, үш аптадан соң ауруханадан шыққан.
Қазір ChatGPT-ден сұрап көргенімізде, тұздың орнына дәмдеуіштер мен шөптер қосуға кеңес беріп отыр. Бромидтің зиян екенін көрсетті.
Мұның алдында қазақстандық қоғам қайраткері не үшін жындыханаға жатқызылғанын жазған едік.