Алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалған Кәкен Қамзин қуанышты жаңалығын бөлісті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кәкен Қамзин /фото: facebook
Кәкен Қамзин /фото: facebook

Алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қала жаздаған қарт профессор Кәкен Қамзин қуанышты жаңалығын бөлісті.

Аты-жөнін жарияламауды жөн көрген қайырымды бір азамат профессорға 23 млн теңге әкеп табыстапты.  

«Бір жарым ай бұрын  баспанамнан айрылып қала жаздаған ауыр жағдай бастан өтті. Өкінішке қарай, алаяқтарға алданып, үйімді қайтарып алу үшін шілденің 5-інен бастап ел-жұрттан «жылу» жинауға мәжбүр болдым. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де оңай шешім болмады. «Өлімнен ұят күшті» дейді. Бірақ сіздердің шынайы жанашырлықтарыңыз, қолдауларыңыз, жылы сөздеріңіз бізге үміт сыйлады», – деп Кәкен Қамзин басындағы жағдайда бей-жай қарамаған халыққа алғыс білдірді.

Оның айтуынша, «жылу» жинау ресми түрде тоқтататылды. Халықтан жиналған қаражат 9 529 836 теңге болып отыр.

«Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт, бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен соманың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді. Бұл – тек қаржылай көмек қана емес, бұл – сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын! Отбасына, өзіне тек жақсылық тілеймін! Ризашылығымды білдіремін!» – деді профессор.

Ол енді үйін сатып алған отбасыға толық ақшасын табыстап, үйді өз атына қайта рәсімдемек.

Мұның алдында Кәкен Хамзин сатқан үйінің ақшасын алаяқтар үптеп кеткен болатын. Баспанасыз қалған профессорға шәкірттерінің бастамасымен жылу жинала бастаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз