Мүфтият дәстүрге қарсы ма? – Тайжан аста құран оқуға тыйым салынғанына наразы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұхтар Тайжан Мүфтиятқа сұрағы бар екенін айтты / фото: muftyat.kz
Мұхтар Тайжан Мүфтиятқа сұрағы бар екенін айтты / фото: muftyat.kz

Мұхтар Тайжан имамдардың астарда құран оқуға тыйым салынғанына наразылық білдірді. Оның пікірінше, бұл дәстүрге қайшы.

«Бұл қалай сонда? Мүфтият біздің салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрыптарымызға қарсы шығып отыр ма? Сондықтан бұл жөнінде ресми түрде мүфтияттан сұрап отырмын. Мұндай шешім бар ма? Бар болса, мұны дұрыс емес деп есептеймін», – деді Мұхтар Тайжан.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан осылай деп мүфтиятқа сұрақ қойды. Оның бұл пікірі қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр. Бірі мүфтияттың бұл шешімін құптаса, екіншілері наразылық білдіріп жатыр.

«Муфтияттікі өте орынды. Құранды әркім өзі жақындарына оқу керек. Имамдардың негізгі жұмысы – мешітте 5 уақыт намаз, басқа да жеке тұрғындардың шариғи мәселерін шешу», – деп мүфтият шешіміне қолдау білдірді Сәке Сері.

Еламан Саруарұлының пікірінше, құранды мүфти оқыса да, имам немесе жай адам оқыса да, еш айырмашылығы жоқ. Ең бастысы, қате оқылмауы керек.

«Муфтият – мемлекеттік орган емес, жеке қоғамдық ұйым. Күніне елімізде бірнеше мың адам бақилық болып жатыр. Мемлекеттік ұйым болмаса да, мұсылмандардың мүддесі үшін, ең бастысы, сүйекті арулап жер қойнауына орналастырып, жаназа намазын атқарып беріп жатыр. Ал қалған жағдайлар сын айтатын нәрсе емес деп ойлаймын», – дейді Нұрлан есімді заңгер.

Мұның алдында Мүфтият ниқаб киюге қарсы заңды қолдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз