Бұршақ аралас жаңбыр, дауыл және өрт: 12 тамыздағы ауа райы

Төтенше жағдайлар министрлігі 12 тамызда Қазақстанның көптеген өңірінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауатынын, дауыл тұратынын ескертті.
Астана қаласында сейсенбі күні таңертең және күндіз бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні кей уақытта 25 м/с дейін күшейеді, деп ескертті министрліктің баспасөз қызметі.
12 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оның екпіні кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Найзағай. Таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. Оның екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 25 м/с дейін жетеді.
Сейсенбіде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
12 тамызда түнде Қостанай облысының шығысында жаңбыр жауады. Түнде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Бүгін күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман торлайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел тұрады.
12 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жел тұрады. Екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Бүгін түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді.
Сейсенбі күні түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
12 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оның күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Бүгін күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады. Екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Сейсенбі күні түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында оның екпіні кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді.
12 тамызда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз 40 градус ыстық болады. Облыста өрт шығу қаупі жоғары.
Шымкент қаласында күн қатты ысуына байланысты өрт қаупі жоғары екені ескертілді.
Атырау облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
12 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында, орталығында оның екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
12 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары.