ЕО: Украина ел болашағын таңдау еркіндігінен айрылмауы тиіс

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Еуропа Одағы және Украина / фото: shutterstock
Еуропа Одағы және Украина / фото: shutterstock

Еуропа одағының (ЕО) 26 мемлекеті бірлескен мәлімдеме қабылдады. ЕуроОдақ украин халқы ел болашағын таңдау еркіндігінен айрылмауы тиіс деп есептейді. Ұйым елдері мәлімдемесін Reuters таратты.

«Келіссөздердің басым бөлігі атысты доғару немесе әскери қимылдарды қысқарту мақсатында ғана жүруі тиіс», – дейді еуропалық елдердің басшылары.

ЕО мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин саммиті қарсаңында жарияланып отыр. Бұл кездесу 15 тамызда АҚШ-тың Аляска штатында өтеді.

ЕуроОдақ «дипломатиялық шешімдер Украина мен Еуропа қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне сай қабылдануы керек» деп отыр.

«Украина халқы өз болашағын өзі шешу еркіндіге ие болуы тиіс. Украинада бейбітшілік орнату жолы Украинаның қатысуынсыз анықталмауы керек», – деп жазылған ЕО мәлімдемесінде.

Сонымен бірге ұйым елдері Украинаға саяси, қаржылай, экономикалық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық қолдау көрсете береді. Бұған қоса, одақ Ресейге қарсы шектеу шараларын қабылдауды тоқтатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз