Қазақстанда оқу жылы 1 маусымға дейін ұзаруы мүмкін бе

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Огромную часть действующей школы продали в Караганде
Министр оқу жылының мерзімін ұзарту мәселесіне әлі ерте екенін айтады / Фото: kursiv.media архиві   

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқу жылын 1 маусымға дейін ұзарту мәселесіне қатысты тағы да өз пікірін білдірді.

Бейсембаевтың айтуынша, бұл мәселе әлі ашық күйінде қалып отыр, себебі алдымен инфрақұрылымды дайындау қажет.

«Бұл мәселе әлі ашық. Өйткені ең алдымен білім беру ұйымдарының, олардың инфрақұрылымының барлығын талапқа сай келтіруіміз керек. Өздеріңіз білесіздер, елімізде әлі де мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан барлық мектепті заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтау қажет», – деді ведомство басшысы.

Бейсембаев барлық мектеп инфрақұрылымдық тұрғыдан толық дайын болған жағдайда ғана мұндай жаңашылдықтарға қайта оралуға болатынын атап өтті.

«Біз әртүрлі жаңашылдықтарға әрқашан орала аламыз, егер білім беру ұйымдарының бәрі 100% дайын болса, ең болмаса инфрақұрылым жағынан. Инфрақұрылымдық даму мәселесі толық шешілмейінше, бұл тақырыпқа қайта оралмаймыз. Биыл мұндай өзгеріс болмайды, бұл – нақты», – деді ол.

Бұған дейін жаңа оқу жылының күнтізбесі жарияланған болатын. Соған сәйкес оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды. Оқу процесі 2025 жылдың 2 қыркүйегі басталып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Сондай-ақ оқыңыз