Қазақстандықтар Өзбекстанға демалуға жиі шығатын болған

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанға саяхаттау мақсатында барған қазақстандықтар саны 80 мыңға жуықтады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Ұлттық статистика комитеті хабарлады. Қазақстан Өзбекстанға ең көп турист келген елдер үштігіне Ресей және Түрікменстанмен бірге енді.
Жалпы, қаңтар-маусым айларында Өзбекстанға 5,3 миллионға жуық шетелдік келген. Олардың 783,7 мыңы турист ретінде барған. Елге саяхаттап келгендер саны бір жылда 48,3%-ға артқан.
Өзбекстанға саяхаттап келгендер саны бойынша алғашқы он ел:
1. Ресей – 166,6 мың адам
2. Түрікменстан – 123 мың адам
3. Қазақстан – 77,7 мың адам
4. Қырғызстан – 71,6 мың адам
5. Тәжікстан – 49,1 мың адам
6. Қытай – 39,1 мың адам
7. Түркия – 29,3 мың адам
8. Үндістан – 22 мың адам
9. Италия – 18,6 мың адам
10. Оңтүстік Корея – 14,9 мың адам
Сондай-ақ Өзбекстанға Германия, АҚШ және басқа елдерден де туристер келген.
Шетелдік туристердің Өзбекстанға келу себептері
Келушілердің басым бөлігі яғни, 3,6 млн адам туған-туыстарын көру үшін келген. Сонымен қатар, жиі кездесетін сапар мақсаттары қатарында саяхат, қызметтік іссапар, бизнес, емделу және оқу бар.
Бұған дейін қай елге саяхаттау арзан болатыны және бюджетке сай бағытты таңдау бойынша нұсқаулықтар ұсынған болатынбыз.